Қытайда шыңырау үстіндегі шыны көпір күрт шытынап, туристерді үрейлендірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда шыңырау үстіндегі шыны көпір күрт шытынап, туристерді үрейлендірді

Қытайда шыңырау үстіндегі шыны көпір күрт шытынап, туристерді үрейлендірді

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Хэнань провинциясындағы Юнтай саябағында ашылған ұзындығы 68 метр шыны соқпақ жол онда келушілердің аяғы астында шытынап кетті,

  • 8 Қазан 2015
  • 548
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды шетелдік БАҚ-тар. 

Бұл оқиға тап сол кезде шыныдан жасалған көпірде жүрген туристер арасында дүрбелең туғызды.

Биіктігі бір шақырымнан асатын шыңырау үстінде орнатылған галереяның шыны төсемі туристердің бірі абайсызда құлатып алған болат термостың соққысына шыдай алмады. Көпірде жарықтар пайда болып, сол шақта оқиға орнында болғандарды үрейлендірді.

Қазіргі кезде таға тәріздес көпір ақауларды жою үшін жабылды.


Инженерлердің есептеуінше, әйнектен құрастырылған көпірдің бір шаршы метрі 800 келіге дейінгі салмаққа шыдас беруі тиіс болған. 

Соңғы жаңалықтар