Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Нинся автономиялық округіндегі жергілікті биліктің хабарлауынша, округтегі екі елді мекенде адамның сібір жарасы дертіне шалдығуы жағдайлары тіркелді. Үш адам ауруды сиыр мен қойдан жұқтырған», — делінген хабарламада.
Ауру жұқтырған үш адамның біреуі көз жұмса, екеуі ауруханада жатыр, одан бөлек 25 адамның дерт жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны анықталды.
«Екі елді мекенде карантин жарияланып, төрт түлік мал етін сататын базарлар жабылды», — дейді мамандар.