Жарияланды: 400

Қытайда су тасқынынан 170-тен астам адам із-түзсіз жоғалған

Су тасқынына байланысты Янузы өзені жағалауындағы аудандарда соңғы екі апта ішінде 170-тен астам адам із-түссіз жоғалған. Олар қаза тапқан болуы да мүмкін, деп жұма күні британдық «Гардиан» басылымының интернеттегі сайты хабарлады.

Синоптиктер су тасқынына әкеп соқтырған толассыз жауын-шашынның әзірге тоқтай қоймайтынын ескертіп отыр. Жұма күні жергілікті билік орындары тасқын мен лай көшкіні Қытайдың оңтүстігіндегі темір жол желісін қиратып кеткенін хабарлады. Салдарынан төрт пойыздың 5 мың жолаушысы жолда қалған. «Чайна дейли» басылымының хабарлауынша, билік тасқынға байланысты жеті провинцияның 555 мың тұрғынын қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болған көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін