Caravan Logo

Қытайда су тасқынынан 170-тен астам адам із-түзсіз жоғалған

Қытайда су тасқынынан 170-тен астам адам із-түзсіз жоғалған

Синоптиктер су тасқынына әкеп соқтырған толассыз жауын-шашынның әзірге тоқтай қоймайтынын ескертіп отыр. Жұма күні жергілікті билік орындары тасқын мен лай көшкіні Қытайдың оңтүстігіндегі темір жол желісін қиратып кеткенін хабарлады. Салдарынан төрт пойыздың 5 мың жолаушысы жолда қалған.

«Чайна дейли» басылымының хабарлауынша, билік тасқынға байланысты жеті провинцияның 555 мың тұрғынын қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болған көрінеді.