Қытайда тұмау індетінен ауруханалар науқасқа толды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда тұмау індетінен ауруханалар науқасқа толды

Қытайда тұмау індетінен ауруханалар науқасқа толды

Қытайда вирустық тұмаудың таралуына байланысты сақтық шаралары шұғыл қолға алынып жатыр. Өйткені қазір эпидемияның салдарынан елдің көптеген қалаларындағы ауруханалар науқастарға толып кеткен. Қауіпті дертті жұқтырғандар арасында балалар да бар. Осыған байланысты Қытай билігі жергілікті денсаулық сақтау органдары мен медициналық мекемелердің жұмыс тәртібін күшейтті.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 168
Фото - Caravan.kz

Нұрбек Бекен, тілші:

— Қытайдың тұмау жөніндегі ұлттық орталығының мәліметінше, эпидемияның кең таралуы соңғы 2-3 аптада байқалған. Ауруды әсіресе жаңа жыл қарсаңындағы қаурыт кезеңде көп адам жұқтырып үлгерген. Сол кезде вирустық тұмаудың белгілерімен 11 мыңнан астам адам тіркелген. Ал соңғы аптада бұл дертке 7730 адам шалдыққан.  

Чжэн Яньмэй, балалар ауруханасының меңгерушісі:

— Біздің науқасты қабылдауға құқығы бар барлық педиатрлар қазір амбулаторияның алдыңғы шебінде тынымсыз жұмыс атқарып жатыр. Емхана мен жедел жәрдем бөліміне түскен күшті азайту үшін кезек-кезек жұмыс істеп, бұл іске барлық ұжымды жұмылдырдық.  Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау және бала тууды жоспарлау комитетінің мәлімдеуінше биылғы тұмау вирусының өзі сирек кездеседі. Оған көптеген азаматтардың иммунитеті қалыптаспағандықтан жұқпа тез таралады. Сондықтан комитет елдің барлық аймақтарына дәрі-дәрмек пен қажетті жабдықтарды жеткізу, мониторинг жүргізу және вирустың мутациялану қауіпін анықтау ісін дереу қолға алды.  

Ван Шиаохан, Бейжің қаласының тұрғыны:


— Тұмауратып жүргеніме біраз болды. Қазір вирусты ауру тез тарап жатқан көрінеді. Сондықтан сақтық шараларын, тазалықты сақтау керек. Әсіресе балаларға тез жұғады екен. Адамдар көп жүретін жерде маска киіп аламын.

Вирустық тұмаудың таралуы Қытайдың барлық өңірлерінде байқалып отыр. Мәселен, Хэнань провинциясының Чжэнчжоу қаласындағы халықтық аурухананың балалар бөлімшесі күніне 200 науқасты қабылдайды. 

Нұрбек Бекен, тіліш:

— Ал орталық Қытайдағы Тайюань қаласының ана мен бала орталығында тіптен карантин енгізілді. Сонымен бірге қазір оқушыларға, балаларға, қарттарға, жүкті әйелер мен созылмалы ауруы бар азаматтарға екпе жасалып жатыр. 
 

Соңғы жаңалықтар