Бас бапкер Ольга Щербакова ұлттық құрамаға 15 спортшыны шақырып отыр. Олар: Сана Жарлағасова, Наталья Жукова, Татьяна Пюрова, Ольга Карпова, Ольга Наседкина, Олеся Арсланова, Алена Омельченко, Коринна Ишимцева, Ирина Лукомская, Елена Эзау, Марина Стороженко, Юлия Куцко, Людмила Анарбаева, Инна Матвеева мен Ольга Дробышевская.
Азия кубогында қазақстандық қыздар А тобында Корея, Қытай және Иран елінен келген құрбыларымен түседі. Ал В тобында Вьетнам, Тайпей, Тайланд және Жапония құрамалары кездеседі. Н. Щербакованың тәлімгерлері алғашқы кезеңдегі бірінші ойынын қыркүйектің 19-ы күні Корея спортшыларымен өткізеді. Одан кейін 20-сы күні Иранмен, 21-і күні жарыс қожайындарымен ойнайды. Сондай-ақ топтық кезеңнен кейін бір күн демалыс жариялаған командалар қыркүйектің 23-інде ширек, 24-інде жартылай, 25-інде ақтық ойындарын өткізеді.