Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао XVI Азиада ойындары алауының эстафетасын ресми бастап берді.
Бұған дейін хабарлағандай, эстафета Бейжің қаласының, Хэйлунцзян, Цзилинь және Шаньдун провинциясы қалаларының, сондай-ақ Гуандун провинциясының округтік деңгейдегі 20 қаласының аумақтары арқылы өтеді. Эстафетаға 6 мен 100 жастың аралығындағы 200 мыңнан астам алаугерлер қатысады.
Алау эстафетасы XVI Азия ойындары өткізілетін жерге қарашаның 12-сінде жеткізіледі. Ойындар үстіміздегі жылғы қарашаның 12-сі мен 27-сінде Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы — Гуанчжоу қаласында өтеді. Оған 45-тен астам Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстаннан да 12 000 спортшы қатысады деп күтілуде.