Қытайда зауыттағы қопарылыс салдарынан үш адам қаза болды, 17 адам жарақат алды
Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының әкімшілік орталығы Үрімшіде зауыттардың бірінде болған қопарылыс салдарынан үш адам қаза болды, 17 адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Қопарылыс сәрсенбіде жергілікті 19:45 сағатта болған. Бейсенбіде таңертең түскен деректерге қарағанда, қопарылыс болған орында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның себептері анықталуда. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін