Оқудан шығып, жатақханаға мопедпен жүйіткіген Ерлан мен курстасы Наргиза Шандозова жол жиегіндегі бардюрға соғылыпты. Қыз жеңіл жарақат алса, Ерланның жағдайы ауыр. Басы жарылып, миына зақым келген. Қытай дәрігерлері алғашқы отаны жасағанымен студент отандасымызға тағы бір күрделі операция қажет. Оның үстіне мопедтті еш құжатсыз жүргізгендіктен Ерланның медициналық сақтандыруы да жарамсыз болып қалыпты. Қазір оның жанында Қытайда бірге оқитын достары отыр. Ал, операция үшін 10 миллион теңге керек. Құжаттарын әзірлетіп жатқан науқастың туыстары Қытайға кетпей тұрып, мейірімді жандардан қаржылай көмек күтеді.
Ақмарал Әбілханова, Е. Амангелдінің досы:
-Ерлан тезірек сауығып кет. Біз сені жақсы көреміз. Достарыңның барлығы осында. Қатарымызға тезірек қосылшы.
HALYK BANK 4402573536243936 Шәкенов Марат Амангелдіұлы