Қытайда жазасын өтеген үш қазақстандық азамат елге қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жазасын өтеген үш қазақстандық азамат елге қайтарылды

Қытайда жазасын өтеген үш қазақстандық азамат елге қайтарылды

Сотталған азаматтарды елге қайтару туралы уағдаластыққа үстіміздегі жылғы 1 наурызда Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен болған кездесуі кезінде қол жеткізілді.  Қазіргі таңда Қытай аумағында түрлі қылмыстарды жасағаны үшін сотталған 9 қазақстандық азамат жазаларын қытайдың түзету мекемелерінде өтеп жүр.

“Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарттың” күшіне енуін (2011 ж. 22 ақпанд?

  • 14 Наурыз 2017
  • 283
Фото - Caravan.kz

“Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарттың” күшіне енуін (2011 ж. 22 ақпанда қол қойылды) ескере отырып, Елшіліктің консулдық қызметі ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға және сотталған азаматтарды Отанына қайтаруға бағытталған тиісті іс-шараларды жалғастыруда. Жақын арада қытай тарапымен ҚР-дың тағы да Қазақстанның үш азаматын елге қайтару туралы сұрағы қарастырылады”, —делінген хабарламада.


2015 ж. қыркүйектен бастап қытайлық тараппен жазалаудың түрлі мерзімімен ҚХР аумағында айыптарын өтеп жатқан 14 Қазақстан азаматы табысталғанын еске саламыз.

Соңғы жаңалықтар