Қытайда жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жер сілкінді

Қытайда жер сілкінді

Қытайдың Юньнань провинциясы тағы да жер сілкінісінен зардап шекті. Магнитудасы 6,4 баллды құраған дүмпудің ошағы Пуэр және Лицзян қалаларының ортасындағы 5 шақырым тереңдікте болыпты.

  • 9 Қазан 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz


Зілзаладан кемінде бес адам қаза тапса, 324-і жарақаттанған. Оның сегізінің жағдайы ауыр. Мамандар жер сілкінісінің ошағы таулы аймақтағы адам аз қоныстанған жерде болғандықтан ғана адам шығыны аз деп отыр. Апат орнына бірден мыңнан астам құтқарушы жіберіліп, дәрігерлер мен әскерилер тұрғындарға көмек көрсетуде. Жергілікті билік гуманитарлық көмек ретінде 10 мың шатыр мен жылы көрпе және киім-кешек берген. Юньнань провинциясы — жер сілкінісі ең көп тіркелетін сейсмикалық тұрақсыз аудан. Мұнда соңғы ірі зілзала биыл тамыз айында болып, салдарынан 600-ден аса адам мерт болған еді.