Қытайда жер сілкінісінен соң 1690 рет дүмпу болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жер сілкінісінен соң 1690 рет дүмпу болған

Қытайда жер сілкінісінен соң 1690 рет дүмпу болған

Сейсенбі күнгі жер сілкінісінен кейін Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында 1690 рет жерасты дүмпуі тіркелді. Ең күшті дүмпу 4,8 магнитуданы құрады.

  • 10 Тамыз 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы көрші елдегі БАҚ-қа сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Сейсенбі күнгі жер сілкінісінің магнитудасы — 7. Зілзаланың ошағы  Сычуань провинцияның Нгава-Тибет-Цян автономды округіндегі Цзючжайгоу уезінде шамамен 10 км тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта 19 адамның табиғи апат құрбаны болғандығы анықталып отыр. 343 адам жарақат алған.


Мамандар қаза тапқандар мен жарақат алғандарды іздестіруді жалғастырып жатыр. Айта кетейік, табиғи апат салдарынан Сычуань ауданының 60 мыңнан астам тұрғыны мен туристері қауіпсіз аймақтарға көшірілді. 

 

Соңғы жаңалықтар