"Біз азаматтарымызға қатысты ахуалды мұқият бақылап отырмыз. Жерлестерімізбен де, Зимунай қаласының əкімшілігімен де, көлік компаниясымен де байланыс орнаттық. Зардап шеккендердің туыстарына виза рəсімдеуге көмектесіп жатырмыз", — деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазір Зимунай қаласының ауруханасында 8 адам, Үрімшіде екі адам жатыр. Апаттан зардап шеккен үш адам елге оралды. Қазақстан азаматтары мінген автобус Үрімшіде апатқа ұшырап екі адам мерт болды. Тағы 19 отандасымыз жарақат алды.