Caravan Logo

Қытайда жол-көлік апаты кезінде 7 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды

Қытайда жол-көлік апаты кезінде 7 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды

23 адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

Алты адам ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр делініп отыр.

34 жолаушысы мен жүргізушісі бар автбус жылдамдығы қатты көлік магистралінде апатқа ұшырады. Жолаушылардың бірінің айтуынша, автобус кенеттен басқаруын жоғалтып алып, тоннельдің қабырғасына соғылды, одан кейін қорғаныс жақтауларына соқтығысып, жолдың ортасында аударылып қалды.

Алдын ала тергеу көрсеткендей, жол-көлік апатына автобус жүргізушісінің жылдамдықты асырып жібергені себеп болған.