Жарияланды: 400

Қытайда жүрдек пойызға арналған әлемдегі ең ұзын темір жол ашылды

Сәрсенбі күні Қытайда жүрдек пойыз қатынайтын әлемдегі ең ұзын темір жол ресми түрде іске қосылды. Ол ел астанасы Бейжіңді Гуанчжоумен байланыстырды.

Жылдамдығы жоғары бірінші пойыз бұл бағытпен Бейжіңнен сәрсенбі күні таңертең аттанды. Пойыздар сағатына 300 шақырым жылдамдықпен жүреді, бұл астанадан Чуанчжоуға баратын жолды екі еседен аса - 22 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқартады. Жолдың ашылуы ҚХР-ның негізін қалаушы Мао Цзэдуннің туған күніне орайластырылған. Қытайлық билік көздері жолды «әлемдегі техникалық алдыңғы қатарлы жолдардың бірі» деп атады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін