Қытайда жүрдек пойызға арналған әлемдегі ең ұзын темір жол ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жүрдек пойызға арналған әлемдегі ең ұзын темір жол ашылды

Қытайда жүрдек пойызға арналған әлемдегі ең ұзын темір жол ашылды

Сәрсенбі күні Қытайда жүрдек пойыз қатынайтын әлемдегі ең ұзын темір жол ресми түрде іске қосылды. Ол ел астанасы Бейжіңді Гуанчжоумен байланыстырды.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 386
Фото - Caravan.kz

Жылдамдығы жоғары бірінші пойыз бұл бағытпен Бейжіңнен сәрсенбі күні таңертең аттанды. Пойыздар сағатына 300 шақырым жылдамдықпен жүреді, бұл астанадан Чуанчжоуға баратын жолды екі еседен аса — 22 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқартады.

Жолдың ашылуы ҚХР-ның негізін қалаушы Мао Цзэдуннің туған күніне орайластырылған. Қытайлық билік көздері жолды «әлемдегі техникалық алдыңғы қатарлы жолдардың бірі» деп атады.