деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.
Талантты бала музыкалық мектеп жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқиды. Оны бұл байқауға Тяньцзынь музыкалық консерваториясының директоры, профессор Су Чаньжунь жеке шақырған еді.
О.Нұрланов 22 музыкант қатысқан 13-15 жас аралығындағы орындаушылардың кіші тобындағы Қазақстаннан келген жалғыз өкіл болды.
Байқауға қатысушылардың бәсекесін баянда ойнау бойынша әлемде танылған жұлдыздар — кәсіби педагогтар композитор Франк Анжелис (Франция), профессорлар Цао (Жаңа Зеландия), Фридрих Липс (Ресей) және Тяньцзынь консерваториясының (Қытай) оқытушылары бағалады.