Қытайдағы «көнгіш әйел институты»: Еркектер зорласа қарсыласпау керек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы «көнгіш әйел институты»: Еркектер зорласа қарсыласпау керек

Қытайдағы «көнгіш әйел институты»: Еркектер зорласа қарсыласпау керек

Қытайда ұлттық құндылықтарды дәріптеу деген желеумен аталмыш институттардың қатары көбейген.

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 219
Фото - Caravan.kz

Қытай билігі әйелдерді күйеулеріне бағынуды үйрететін жеке институтты жапты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Жергілікті білім беру жүйесі мекемесінің мәлімдемесіне сәйкес, дәстүрлі мәдениетті дәріптейтін Фушунь мектебі  ҚХР-дың білім беру жүйесіне негізделген социалистік принциптерге қайшы келді.

Мектеп сайтында мұғалімдердің әйелдер мен ер адамдардың теңдігіне қарсы шыққан және ер адам тарапынан күш көрсетілсе қарсыласпау керектігін айтқан видеосы жарияланды.

Соңғы уақытта Қытайда ұлттық құндылықтарды дәріптеу деген желеумен аталмыш институттардың қатары көбейген.  

Фушун мектебі мұғалімдерінің әлеуметтік желіде таралған видеода студенттерді білім алып, кәсіп алудың қажеті жоқ екенін және әрқашан төменгі санатта қалуға үгіттейді.

Өзге мектептерде әйелдерге ешқашан ажыраспау керектігін және күйеуі, баласы, әкесі мен ағасына бағынуды үйретеді.


«Күйеуіңіз не сұраса да, «әміріңізге құлдық», деп жауап беру керек» делінген видеода.

Қытайдың Global Times  газетінің мәліметінше, 2011 жылы ашылған институт қызметкерлері мекеменің жабылуына қарсы наразылық шеруіне шықты.

Фушундағы жергілікті білім беру мекемесінің сайтында, институттағы білім беру жүйесі социалистік принциптерге кереғар екені және жақын арада жабылу керек екені жазылған.

Билік өзге де білім беру мекемелерін тексеруге тапсырма берді.

«Біз социалистік құндылықтарға қарсы кез келген мекемеге қарсы тұруымыз керек» делінген билік мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар