Қытайдағы табиғи апат құрбандарының саны 98 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы табиғи апат құрбандарының саны 98 адамға жетті

Қытайдағы табиғи апат құрбандарының саны 98 адамға жетті

Қытайдың шығысындағы Яньчэн қаласында ұйытқыған құйыннан құрбан болғандар саны 98 адамға жетті. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, 800-дей адам жараланған. Дәрігерлер әлі 100 адамның ауыр халде жатқанын айтады.

  • 24 Маусым 2016
  • 518
Фото - Caravan.kz


Кеше түс ауа Цзянсу өлкесінде табиғат тосын мінез көрсетіп, бұршақ жауды. Оның арты сұрапыл құйынға ұласып, жолындағы елді мекеннің бәрін жайпап кеткен. Табиғи апаттан көптеген тұрғын үй жермен-жексен болды. Апат аймағына жедел жеткен құтқару қызметі үйінді басып қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Өңірде электр қуаты мен байланыс жүйесі үзіліп, құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіруде. Апат орнына 1000 шатыр мен 2000-нан астам төсек-орын жеткізіліп, жарық берілді.