Ақжарқын Тұрлыбай осымен үшінші туған күнін түрмеде қарсы алды, деп жазады Caravan.kz тілшісі.
Ол 2014 жылы Қытайдағы Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Ақжарқынның жүгінен 4,5 килограмм есірткі табылған. Студент Малайзияға сапарлап бара жатқан еді. Қыз мұндай жүктің барын білмегенін, ал сөмкені өзге біреуге беріп жіберуге өтінгендерден алғанын айтқан. Қыздың ата-анасы Ақжарқынды алаяқтар өз мақсатында пайдаланбақ болды деген ойда. 2015 жылдың маусымында Қытай соты Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған. 2016 жылдың 6 мамырында апелляциялық сот алғашқы шешімді жоққа шығарып, істі қайта қарауға жіберген.