Қытайдағы жарылыстан мыңдаған көлік күлге айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы жарылыстан мыңдаған көлік күлге айналды

Қытайдағы жарылыстан мыңдаған көлік күлге айналды

Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы химиялық қоспалар қоймасында болған жойқын жарылыстан жақын маңдағы мыңдаған автокөлік жанып кетті, - деп хабарлайды http://24.kz/

  • 14 Тамыз 2015
  • 918
Фото - Caravan.kz


Оқиға орынынан шамамен 400 метрдей жерде орналасқан автотұрақта негізінен шет елден әкелінген су жаңа Toyota, Honda, Volkswagen маркалы мыңдаған көліктер болған. Әзірге шығын мөлшері есептелуде. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, отқа оранған тұрақтың көлемі 5 футбол алаңына тең екен. Соған қарағанда шығын мөлшері орасан зор болып отыр. Естеріңізде шығар, кеше Тяньцзиндегі химиялық қоспалар қоймаларының бірінде жойқын жарылыс болып, 50 адам көз жұмды, оның 12-сі өрт сөндіру қызметкері. 701 адам түрлі жарақат алды. 71-і ауыр халде жатыр. Зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар