Вэнь Цзябаоның айтуынша, шамамен тағы 30 мың адам із-түзсіз жоғалғандар санатында болса, 300 мың адам жарақат алған.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан үкіметі Қытайға ізгілік көмек көрсетеді. Бұл туралы мамырдың 23-і күні Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюньмен кездесу барысында мәлім еткен.
Премьер-министр ҚХР-да жер сілкінісінің салдарынан орын алған жағдайларға байланысты олардың ауыр қайғысына ортақ екендігін айтты және Қытай халқына, қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айту, сондай-ақ табиғат апатынан зардап шеккендердің барлығының тездетіп жазылып кетуін тілеген хатын елшіге табыс етті».
Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер бөлуді қамтамасыз ететін болады. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Қытай Халық Республикасына ізгілік жүгін тасымалдау үшін жылжымалы құрамды уақытылы беруді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі ізгілік көмек көрсету үшін 433 млн. теңгеден астам сомада тауарлық-материалдық құндылықтарды (азық-түлік өнімдері, шатырлар, жылы киімдер мен жаймалар) жөнелтеді.
Естеріңізге сала кетсек, Қытайдың Сычуань провинциясындағы 7,8 баллдық жер сілкінісі дүйсенбі, 12 мамыр күні болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті