Caravan Logo

Қытайдан әкелінген автокөліктен өндірілген қаржы мөлшері өскен

Қытайдан әкелінген автокөліктен өндірілген қаржы мөлшері өскен

Бұны бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен айтты.

Оның сөзіне қарағанда, республика бойынша 2011 жылы 1 автокөліктен орташа өндірілген сома 1372,4 мың теңгеге тең болып отыр, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 37 пайызға артық. «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қытайдан әкелінетін тауардың 1 автокөлігінен алынатын кеден төлемдері бойынша мониторингті және талдауды күнделікті жүргізіп отыр»,-деді төрағаның орынбасары.