Қытайдан Еуропаға тартылатын темір жол желісі Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь аумағы арқылы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан Еуропаға тартылатын темір жол желісі Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь аумағы арқылы өтеді

Қытайдан Еуропаға тартылатын темір жол желісі Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь аумағы арқылы өтеді

Қытайдан Еуропаға тартылатын темір жол желісі Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь аумағы арқылы өтеді. Бүгін, 16-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында тасымалдаушылар мен вагон операторларының Қазақстандық қауымдастығының төрағасы Нығметжан Есенғарин осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2005
  • 669
Фото - Caravan.kz

Н.Есенғариннің пікірінше, Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь аумағы арқылы өтетін бағыт — ең тиімдісі. Оның айтуынша, қазір Еуропаны Иран арқылы жалғастыру мүмкіндігі де қаралып жатыр. «Басқаша айтқанда, шекаралық бекеттен басталатын бағыт Қазақстан аумағын толық көктей өтіп, Түрікменстан арқылы төмен түсіп, Иран және Түркия арқылы Еуропаға жетуге тиіс»,- деді Н.Есенғарин. Алайда, оның айтуынша, «Иран мен Түркияның темір жолдары нашар дамыған», осы жағдай Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь аумағы арқылы өтетін баламалы бағыттың тартымдылығын арттыра түседі.

Сонымен бірге сарапшы «тек контейнерлік отарбалар ғана жүретін арнаулы темір жол бағытын ашуды» ұсынады. «Бұл бағытпен тәулігіне 15 жұп отарба, немесе екі бағытта 30 отарба жүретіні, бұл жолдың жылына 1 млн. контейнер қабылдай алатыны, нәтижесінде жылына 1,3 млрд. доллар көлемінде пайда табу мүмкіндігі есептелген»,- деді Н.Есенғарин. «Қытай аумағы арқылы оның жылдамдығы тәулігіне 1000-1200 шақырым, ал Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь аумағы арқылы өтетін жаңа бөлігінде тәулігіне 2000 шақырым, Еуропа елдерінің аумағы арқылы 1000 шақырымға дейін болуға тиіс». Жобаны жүзеге асыру үшін 6-9 млрд. доллар қажет. Н.Есенғариннің пікірінше, жол құрылысын жеке меншік инвестицияның негізінде салу керек.
Қазіргі жағдаймен жүктер Қытайдан Еуропаға Транссібір темір жол желісімен жеткізілуде. Алайда, «Транссібір желісінің өз бағыты бар, оған Корея, Жапония және Солтүстік-шығыс Қытайдың жүктері кіріптар»,- деді Н.Есенғарин.

Перейти к новостям спорта