"Олар дереу түрде басқаларынан алшақтатылып, Панфилов ауданы ауруханасының инфекциялық бөлімінің арнайы боксына орналастырылды. Дәрігерлер сараптамалық жұмыстар жүргізуде. Бұған қоса автобуста болған тағы 19 адам бақылауға алынып, госпитальға жатқызылды", — делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Қытаймен шекараны жаба алмайтындығы туралы мәлімдеген еді. Сөзінше, Қытайда 1300 қазақстандық азамат жүр екен.