Қытайдан қаржы тарту оңай ма - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан қаржы тарту оңай ма

Қытайдан қаржы тарту оңай ма

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобаларын қаржыландыру проблемаларын жариялады.

  • 7 Қыркүйек 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Төрағаның орынбасары Марат Бірімжановтың айтуынша, қаржы ұйымдарының ортақ жобаларға қатысу көрсеткіші әлі күнге дейін төмен болып тұр, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Мәселен, бүгінде Қазақстанда Industrial and Commercial Bank of China (ICBC), China Development Bank (CDB) сияқты қытайлық банктер жұмыс істейді. Бұдан бөлек, Altyn Bank бар. Оның 60 процентін CITIC Bank сатып алды. Алайда, аталған банктердің жарғылық капиталы көп емес. Олар ірі жобаларды қаржыландыра алмайды. Тіпті, кәсіпорындардың айналма қаражатын да толықтыруға жағдайы жоқ», — деді М.Бірімжанов Астанада өткен қазақ-қытай бизнес форумында. 

Оның айтуынша, Қытайдан ақша алғанда қаржы ұйымдары жоғары талап қояды. Ал акционерлер мемлекеттің кепілдігін сұрайды.

«Енді, ол жақта экономикада мемлекеттің рөлі орасан. Содан олар біздегі жағдай да сондай деп ойлайды. Сосын соңғы кездері Қытайдың ішінде юаньды долларға айырбастау қиындап кетті. Негізі, Қазақстанға ақша салғысы келетін қытайлық компанияларда ақша жағынан проблема жоқ. Бірақ оның бәрі юаньмен сақталған. Осыған байланысты юаньды теңгеге айырбастаудың тиімді клирингтік жүйесін ойлап табуымыз қажет», — деп атап көрсетті М. Бірімжанов.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Риксос» қонақ үйінде қазақ-қытай бизнес форумы басталды.


Қытай Халық Республикасының коммерция жөніндегі вице-министрі Жэнь Хунбиньнің айтуынша, Қазақстан мен Қытай сауда-саттықты долларсыз жүргізуді көздейді. 

 

Соңғы жаңалықтар