Қытайдан тауар әкеле жатқан 400 автокөлік "Қорғас" кеден бекетінде қамалып тұр деген ақпарат шындыққа жанаспайды - ҚР кедендік бақылау агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан тауар әкеле жатқан 400 автокөлік  "Қорғас" кеден бекетінде қамалып тұр деген ақпарат шындыққа жанаспайды - ҚР кедендік бақылау агенттігі

Қытайдан тауар әкеле жатқан 400 автокөлік "Қорғас" кеден бекетінде қамалып тұр деген ақпарат шындыққа жанаспайды - ҚР кедендік бақылау агенттігі

Қытайдан тауар әкеле жатқан 400 автокөлік Қытай-Қазақстан шекарасындағы "Қорғас" кеден бекетінде қамалып тұр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы бүгін, 8-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары Бауыржан Әбішев хабарлады.

  • 8 Қараша 2004
  • 885
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен Қытай жағында 70-ке жуық автокөлік тұр. Олар күні бүгін Қазақстандық бекетке кіріп келеді. Ал ҚХР тауарларын тиеген 130-дай автокөлік «Қорғас» кеден бекетіндегі уақытша жүк сақтайтын қоймасында қалды»,- деді Б.Әбішев. Оның айтуынша, «қазіргі кідіртіліген автокөліктердің өлшемдері сай келмейді және олардың сауда-саттық төлқұжаттары рәсімделмеген».

Б.Әбішевтің пікірінше, «кеден бекетінде тұрған автокөліктердің жүргізушілері салық төлеуден жалтару және тиісті тәртіппен тіркеуді қаламайтын тауар түрлерін елге әкелу үшін ереуіл ұйымдастырып отыр».
«1-қыркүйектен бастап біз жеке тұлғалар үшін бағасы 10 млн. доллардан асатын сауда-саттық шаралары үшін валюталық бақылау деп аталатын төлқұжаттарды рәсімдеу тәртібін енгіздік. Өткен жылдар ішіндегі тәжірибені саралай келе біз бір жеке тұлғаның тауар айналымы жылына 20 млн. доллардың айналасында деген тұжырымға келдік. Осындай тәртіп енгізгеннен кейін Алматы облысында қаржы жеке тұлғалардан заңды тұлғалардың қолына ауысты»,- деді Б.Әбішев.
Оның айтуынша, «бүгінде «Қорғас» кеден бекетінде тауарларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген». Автокөліктің салмағы, ені, ұзындығы, биіктігі тәрізді ҚР үкіметінің қаулысы бойынша бекітілген өлшемдері арнаулы таразыда өлшенеді. Автокөліктің ұзындығы 20 метрден, ені 2,6 метрден, биіктігі 4,2 метрден артық емес, орташа салмағы 40 тоннадан артық емес болуы тиіс, деді ол. «Өлшемдері осы талапқа сай келмейтін автокөліктер Қытайға кері қайтарылады, немесе, уақытша жүк сақтайтын қоймалардың аумағында жүктерді басқа көліктерге ауыстырып тиейді»,- деді Б.Әбішев.
Қазіргі жағдаймен тауарларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі Қазақ-Қырғыз шекарасындағы «Қордай» бекетінде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ғани Мұратбаев атындағы» тексеру-өткізу бекетінде, Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Қорғас» кеден бекетінде енгізілген. «Сөйтіп, еліміздің үш кеден бекетінде жүктерді жалған құжатпен тасымалдау проблемасы келмеске кетті»,- деді Б.Әбішев.
2005-2006-жылдарда мұндай жүйелер Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қолданысқа енгізіледі.

Перейти к новостям спорта