Қытайдан ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болған әйел қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болған әйел қолға түсті

Қытайдан ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болған әйел қолға түсті

Қазақстан азаматшасы гаджеттерді киіміне жасырып, Қазақстан-Қытай шекарасынан өткізбек болғанда ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

  • 6 Қараша 2017
  • 182
Фото - Caravan.kz

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы ұялы телефондардың ірі партиясын заңсыз өткізбек болған 44 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады.

Ол Халықаралық шекаралық орталықтан Қазақстанға жаяу өтпек болған. Тексеру барысында одан 40 дана «Самсунг» маркалы ұялы телефон табылды.

Осы факті бойынша тиісті органдарға хабар берілді.


 

Соңғы жаңалықтар