Қытайдан жеткізілген шырша арасынан тоннаға жуық қару табылды
|
Шырша орнына суық қару. Алматы облысының кеденшілері Қытайдан бет алған контрабандалық тауардың жолын кесті. Тексеру барысында 6 жүк көлігінде жаңа жылдық шырша арасында жасырған қораптардан түрлі пышақтар мен электрошокерлер табылған.
Тиісті декларация толтырмай, шекарадан 1 тоннаға жуық қару-жарақ өткізбек болған кәсіпкерге қатысты қазір «экономикалық контрабанда» және «қару-жарақ тасымалдау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетерлігі тек соңғы екі айда аспан асты елінен Қазақстанға заңсыз өткізілмек болған 70 тоннаға жуық тауар ұсталған. Олардың қатарында қысқы сырт киім, автокөлік жабдықтары мен қосалқы бөлшектер бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін