Қытайдың атақты суретшісі Цинь Байланьнің «Ежелгі қытай аруларының бейнелері» атты көрмесі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың атақты суретшісі Цинь Байланьнің  «Ежелгі қытай аруларының бейнелері» атты көрмесі

Қытайдың атақты суретшісі Цинь Байланьнің «Ежелгі қытай аруларының бейнелері» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және Алматы қаласындағы ҚХР Бас консульдығы Қазақстан Республикасында алғаш рет 2011 жылы 17 тамызда, сағат 16.00-де қытайдың атақты суретшісі Цинь Байланьнің «Ежелгі қытай аруларының бейнелері» атты көрмесін ашады.

  • 23 Тамыз 2011
  • 2048
Фото - Caravan.kz

Цинь Байлань – Қытайдың Халық суретшісі, Халықтық Саяси Кеңес беруші Ұйымының депутаты, Қытай суретшілері қауымдастығының мүшесі. 2005 жылы Қытайдың ең үздік он атақты өнер қайраткерлерінің ішіне кірді.

Цинь Байлань 18 жасында ауыр дертке шалдығып, аяқтары сал болып қалды. 30 жылдан астам уақыт бойы қытайдың дәстүрлі кескіндеме (живопись) өнерін зерттеумен айналысты және осы салада үлкен жетістіктерге жетті.
Цинь Байланьның жеке көрмелері дүние жүзінің АҚШ, Франция, Германия, Италия, Ресей, Австрия, Жапония, Корея, Египет, Иран, Греция, Бразилия, Перу және т.б. секілді 50-ден астам елінде көрсетілді. Ол Қытай-шетел мәдени істерінінің алмасуына және халықтар арасындағы достықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосты. Оның шығармашылығы және қызметі туралы дүние жүзінің газет және журнал беттерінде қытай, ағылшын, португал, испан, итальян, орыс, француз, неміс, жапон, корей, парсы және басқа тілдерінде 200-ден астам мақалалар жарияланды. 2001 жылдан бастап суретші Цинь Байланьның көрмелері Қытай үкіметінің сыртқы алмасымдар байланысының ресми жобасына айналды. 1995 жылы БҰҰ-ның дүние жүзілік әйелдер конференциясы Форумында суретшінің картиналары бар «Қытайдың ежелгі әйгілі әйелдері шежіресі» альбомы қатысушы елдердерге көркем кәдесый болды. Оның жұмыстары дүние жүзінің көптеген музейлерінде, көркемсурет галереяларында, әр түрлі мемлекеттер басшылары орталықтарының коллекцияларында орналасқан.
Цинь Байланьның туындыларының басты бағыты Қытай тарихындағы әйгілі әйелдер және қытай классикалық әдебиет туындылары мен романдарындағы аңызға айналған әйелдер тұлғалары болып табылады. Оның картиналары нақыштылығымен, нәзіктігімен, айшықтылығымен, сұлулығымен, сыпайылылығымен және өзгешілігімен ерекшеленеді.
Көрмеде халық суретшісінің 40-қа жуық өнер туындысы келушілер назарына ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Қытайдың таңғажайып өнер әлемімен танысқысы келетін баршаңызды шақырады.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі

Перейти к новостям спорта