Жарияланды: 350

Қытайдың оңтүстігіндегі ауылдардың бірінде көшкін жүріп, бірнеше адам көз жұмды

Жұма күні Қытайдың оңтүстігіндегі Чжэньсюн уезінде көшкін жүріп, он шақты адам көз жұмды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тау етегінде тұрған ауыл тұтастай көшкін астында қалған. Ауылды 16 шаруа мекендейтін көрінеді. Бастапқы деректер бойынша, ауылда тұратын 67 адамның 46-сы тірідей көміліп қалған. Уезд басшылары құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Оған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары да атсалысып жатыр. Таңертеңгі деректерге қарағанда, үйлердің үйіндісі мен құм-тастың арасынан тоғыз адамның мәйіті табылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін