Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тау етегінде тұрған ауыл тұтастай көшкін астында қалған. Ауылды 16 шаруа мекендейтін көрінеді.
Бастапқы деректер бойынша, ауылда тұратын 67 адамның 46-сы тірідей көміліп қалған.
Уезд басшылары құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Оған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары да атсалысып жатыр.
Таңертеңгі деректерге қарағанда, үйлердің үйіндісі мен құм-тастың арасынан тоғыз адамның мәйіті табылған.