«Қазақстандағы бірінші қытайлық Елші ретінде қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мен Қазақстан халқының Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өткен 24 жылдың ішінде барлық салаларда үлкен табыстарға қол жеткізгеніне қуаныштымын. Халық бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр, мемлекет халықаралық аренада үлкен беделге ие болды», — деді ол ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің атынан Тәуелсіздік күніне арналған дипломатиялық қабылдау кезінде ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Қытайлық дипломат қазақстандықтарға денсаулық, бақыт, бейбітшілік тіледі.