Қытайдың солтүстік-шығысында аса сирек кездесетін маньжур жолбарысының ізі байқалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың солтүстік-шығысында аса сирек кездесетін маньжур жолбарысының ізі байқалды

Қытайдың солтүстік-шығысында аса сирек кездесетін маньжур жолбарысының ізі байқалды

Линькоудың 1963 жыл құрылған орманды өңірінде (Хэйлунцзян провинциясы, Солтүстік-Шығыс Қытай)  алғаш рет аса сирек кездесетін маньжур жолбарысының іздері байқалды.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Жергілікті сарапшылар Вэй есімді жергілікті шаруаның малына шапқан жыртқыштың іздерін зерттей келе, амур жолбарысы деген ұйғарымға келді. Бұдан басқа тағы аң өзге ферманың да  екі ешкісін жәукемдеп кеткен. Бұл оқиғалар Линькоу өңіріне шекаралық аудандардан  жолбарыстың келгендігін білдіреді.

Табиғатта жолбарыстың бұл түрінің саны 500-ден аспайды. Маньжур (амурлық) жолбарыс негізінен Ресейде, Солтүстік-Шығыс Қытайда және Корея жарты аралдарында тіршілік етеді.


Қытайда бар-жоғы18-ден 22 аралығында ғана. Олар шекаралық аудандарды мекен етеді, деп хабарлайды Синьхуа.