Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жер сілкінісі салдарынан 9 адам қаза тапты
Алматы. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жер сілкінісі салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. |
Қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6,6 балл болған зілзала салдарынан 9 адам қаза тауып, 19-ы жарақаттанған (11 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда). Жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында Лхаса аумағындағы Дамсюн уезінде кеше сағат 16.30-да болған. Сілкініс ошағы Тибеттің әкімшілік орталығы - Лхасадан 76 шақырым жерде тіркелген. Жер асты дүмпулері Лхаса, Шигацз және Шаньнань округінде сезілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін