Қытайдың Үрімжісінен Қазақстан арқылы Еуропаға азық-түлік пойызы жөнелтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың Үрімжісінен Қазақстан арқылы Еуропаға азық-түлік пойызы жөнелтілді

Қытайдың Үрімжісінен Қазақстан арқылы Еуропаға азық-түлік пойызы жөнелтілді

Үрімжі қаласының халықаралық құрғақ портында 20 желтоқсан күні Голландияға келіп тоқтайтын, азық-түлік тиелген теміржол жүк құрамын жөнелту салтанатты шарасы өтті.

  • 21 Желтоқсан 2017
  • 212
Фото - Caravan.kz

Пойыз қазақстандық Қорғас станциясы арқылы Қазақстан, Ресей, Польша мен Еуроодақтың өзге де елдерін басып өтіп, Голландияға жетеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бұл Қытайдан Еуроодаққа жөнелтілген алғашқы тауарлы құрам емес, жыл басынан бері Қытайдан 667 құрам жіберілген. Қытай құрғақ портынан аталған бағытқа жөнелтілетін пойыздар саны болашақта 700-ге дейін жеткізілуі мүмкін.

Теміржол құрамына азық-түлік Чэнду қаласынан (Қытайдың оңтүстік батысы, Сычуань провинциясы) тиелген. Тауарды жеткізу уақыты 14 тәулікті қамтиды. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, бұрындары Чэнду қаласынан жөнелтілетін қытайлық тауарлар теңіз арқылы жүретін және 60 тәулікте жеткізілетін.

Үрімжінің Халықаралық құрғақ портының кеңсе басшысы Лю Шаохуа Қазақстан арқылы өтетін жаңа логистикалық теміржол құрғақ портының ашылуына байланысты көптеген қытайлық тауар өндірушілер өндірісті Синьцзянь қаласында қолға ала бастағандығын айтады.


Л.Шаохуа Үрімжі қаласынан жіберілетін химиялық тыңайтқыштардың Астанадағы 40-шы станцияға 7 күн ішінде жететінін көрсетті. Алматыдағы газдалған сусын шығарушылардың біріне қажетті пластикалық қақпақтар Қытайдан Қорғас станциясы арқылы 4 күнде келеді.

Бұл ретте Қытай тарапы тауарлар мен жүктердің теміржол арқылы Қазақстан мен өзге де шетелдерге жеткізу көлемін арттыруды жоспарлап отырғандығын айта керу керек.

Соңғы жаңалықтар