Қытайға аса қауіпті «Усаги» дауылы жақындап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайға аса қауіпті «Усаги» дауылы жақындап келеді

Қытайға аса қауіпті «Усаги» дауылы жақындап келеді

«Усаги» тайфуны жексенбі, 22 қыркүйек күні Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауына жетеді, деп хабарлады ұлттық метеорологиялық орталықтан.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz

Аса қауіпті «Усаги» тайфунының жақындауына байланысты Қытайда төтенше жағдай жарияланды. Болжам бойынша, тайфун ҚХР Гуандун, Фуцзянь, Чжэцзян провициялары мен Гуанси-Чжуанс автономдық аудандарына жетіп, салдарынан 22-23 қыркүйек күндері қатты жел ұйытқып, нөсер болады.

Елдің метеорологиялық басқармасының мәліметтері бойынша, «Усаги» сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жылжып келетін көрінеді. Күшті дауылдың ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 195 шақырымға жетеді. Биылғы есеп бойынша, 19-шы «Усаги» тайфуны — Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауларына соғатын күшті дауылдардың бірі.

Қытай билік өкілдерінің мәлімдеуінше, тайфунның астында қалуы мүмкін аудандар апатқа қарсы тұруға толық дайын.