Қытайлық дәрігер 18 сағат үздіксіз жұмыстан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық дәрігер 18 сағат үздіксіз жұмыстан қайтыс болды

Қытайлық дәрігер 18 сағат үздіксіз жұмыстан қайтыс болды

Қытайдың Шаньси провинциясында дәрігер 18 сағат үздіксіз жұмыс істеп, қайтыс болды.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 156
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

29 желтоқсанда 43 жастағы Чжао Бянсян ауруханада емделушілерді тексеріп жүріп, қызымен жатқан пациенттің палатасында құлап қалады. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болар алдында дәрігер «Анаңыздың жағдайы қалай?» деп сұраған.

Әйел сол күні жан сақтау бөліміне жатқызылды. Бірақ келесі күні қаза тапты. Бянсянның өліміне торлы қабық астына қан құйылуы себеп болыпты. Бұл – мидағы қан айналымның бұзылуы.

Чжао Бянсян ауруханадағы тыныс алу органдарының асқынған аурулары бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған. Дәрігердің әріптестері оны еңбекқор және мекемедегі ең үздік маман деп атады.