Қытайлық компаниялар Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын өндіреді - Т. Құлыбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық компаниялар Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын өндіреді - Т. Құлыбаев

Қытайлық компаниялар Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын өндіреді - Т. Құлыбаев

Қытайлық компаниялар Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын өндіреді.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 569
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы  «KAZENERGY-2015» Х Еуразиялық форум аясындағы баспасөз мәслихатында «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.

«Қытайлық компаниялар Қазақстан мұнай секторында ең белсенділердің бірі, яғни олар елімізде мұнайдың 25 пайыздан астамын өндіруде. Қазіргі кезде нарыққа қытайлық SINOPEC GROUP атты жаңа компания келді. Олар Қазақстандағы Лукойлдың активтерін сатып алды», — деді Т. Құлыбаев.

Оның сөзіне қарағанда, Қытайға қарай құбырлардың қуаттылығы 12 млн. тоннаны құрап отыр.

«Жалпы, Қытайға қарай біздің құбырлардың өткізгіштік қабілеттілігін 20 млн. тоннаға дейін кеңейтуге болады деген түсінік бар. Бұл ел біз үшін ауқымды нарық болып табылады. Екінші жағынан алып қарағанда, бұл бағыттағы нарық өте кең, өйткені, сырттан жеткізілетін энергия көздеріне тәуелді. Сондықтан да олар өздерінің қауіпсіздігі мен нарықтарының қажеттілігі тұрғысында көмірсутектерді жеткізу бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты белсенді дамытуда», — деді Т. Құлыбаев.

Осы орайда ол Қазақстан да көмірсутектерді аталған елге экспорттауда қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті. Себебі, көршілес Өзбекстан, Әзербайжан, Түркменстан, Ресей, Иран мемлекеттері де мұнай немесе газ өндіретін елдер болғандықтан, Қазақстан осы елдерге өз өнімін шығара алмайды. 


Соңғы жаңалықтар