Қытайлық ойыншықтардың 85 пайызы бала өміріне қауіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық ойыншықтардың 85 пайызы бала өміріне қауіпті

Қытайлық ойыншықтардың 85 пайызы бала өміріне қауіпті

 

  • 26 Шiлде 2011
  • 517
Фото - Caravan.kz

Балаларға арналған тауарлар денсаулыққа қауіпті! Бұны техникалық реттеу комитетінің мамандары анықтап отыр. Тексерістерден кейін азық-түлік өнімдерінде түрлі бактериялар табылса, ойыншықтар қолданысқа мүлдем жарамсыз болып шықты.

Жалпы тексерілген азық-түлік өнімдерінің жартысынан астамы талапқа сай емес болып шықты. Мәселен, көршілес Ресейден әкелінетін шырындар көгерген, ал қырғыздар өндірген сүт өнімдері ашып кетіпті. Шет жақтан елімізге келген бірқатар тағамдардың құрамында, тіпті, ішек таяқшасы, қатерлі химиялық қосындылар мен улы заттар табылды. Жыл басынан бері 2 мыңнан астам партияның жолы кесілді. Сондай-ақ ойыншықтардың сапасы да көңіл көншітпейді. Көбінесе бұл тауарлар біздің дүкендерге Қытай елінен жеткізіледі. Тексеру шараларының 85 пайызы заңбұзушылықтарды әшкерелеп берді. Ойыншықтарды сатуда қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмайды екен. Бұйымдардың бұрыштары тым өткір, қабырғалары жарылған, бояудың сапасы да нашар. Оның үстіне тауар дұрыс сақталмайды. Бұның барлығы балалардың денсаулығына қауіп төндіруде. Әзірге сатушылар тек әкімшілік жазаға тартылған.


Асқар Хасенов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология басқармасының бастығы: 

-Тыйым саламыз әрі қарай сатуға, және де осы сатушы өзі бір жерлерде сақтап, әрі қарай сатпайтыны туралы міндетті түрде бізге хабарлайды және көрсетеді. Егер сататын болса, біз өзге мемлекеттік органдарға, мысалы қаржы полициясына, полицияға ақпарат ретінде ұсынамыз.

Соңғы жаңалықтар