Қытайлық полицейлер қолдарына балта алып шапқан 9 адамды атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық полицейлер қолдарына балта алып шапқан 9 адамды атып тастады

Қытайлық полицейлер қолдарына балта алып шапқан 9 адамды атып тастады

Қытайдың Шыңжаң аймағында бүлікшілер полиция бекетіне шабуылдады. Тәртіп сақшылары қолдарына балта алып шапқан 9 адамды атып тастаған.

  • 19 Қараша 2013
  • 298
Фото - Caravan.kz


Қанды қақтығыс Қашқар қаласына жақын маңда болды. Мұздай қаруланған ұйғыр сепаратистері құқық қорғау органының ғимаратына басып кірген.  Қытай полициясы бүлікшілерді аяған жоқ, шабуыл жасаған тоғызын сол жерде атып тастады. Сондай-ақ қақтығыс кезінде 2 тәртіп сақшысы қаза тапқан. Жалпы Шыңжаң аймағындағы ұйғыр сепаратистері билікке қарсы осындай акцияларды жиі ұйымдастырады. Өткен айда ғана Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік шабуыл жасалған болатын.