Қытайлық Тяньцзиньде тағы жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық Тяньцзиньде тағы жарылыс болды

Қытайлық Тяньцзиньде тағы жарылыс болды

12 тамызда жарылыстар сериясы мен өрт шыққан Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы қойма маңында тағы жарылыс орын алды. 

  • 17 Тамыз 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТАСС Орталық қытай телевизиясына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға орны ауданында «ақ түтін пайда болды», жақын жердегі әскери қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарланды. 

Төтенше жағдай  «Жуйхай» логистикалық компаниясының қоймасында орын алды.  2 шақырым жердегі үйлердің терезе шынылары сынып, 1 мыңнан астам автомобильге зақым келтірілді. Қуаттылығы тротил эквивалентінде 3 тоннаны құрайтын жарылыстан кейін мұнда өрт шықты.  Бұдан кейін қоймада тағы бірнеше жарылыс орын алды. Ең күштісінің қуаттылығы тротил эквивалентінде  21 тоннаны құрады.  

Құтқарушылар 112 адамның мәйітін тапты, 95 адам із-түзсіз жоғалған деп есептелуде. Оқиға орнында тиісті жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар