Қытайлықтар биліктің тыйымына қарамастан жыртқыш аң сатып алып жатыр - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлықтар биліктің тыйымына қарамастан жыртқыш аң сатып алып жатыр - БАҚ

Қытайлықтар биліктің тыйымына қарамастан жыртқыш аң сатып алып жатыр - БАҚ

Қытай полициясы жыртқыш аңдарды аулаған, сатқан және қорек еткен 700 адамды қамауға алды.

  • 17 Ақпан 2020
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицейлер 40 шақты тіршілік иесін тәркілеген, оларды медициналық мақсатта жемек болған не пайдалануды көздеген. Жыртқыш аңдарды сатушылар, Reuters мәліметінше, уақытша шектеу алып тасталғаннан кейін қайтадан оралмақ екенін жеткізген. 

Ғалымдар адамдардың жабайы жыртқыш етін жеу арқылы коронавирус таралғанын болжап отыр. Инфекция жұқтырғандардың алғашқыларынан Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алған жабайы жыртқыш етін жегені анықталған болатын. Ол базарда жарқанат, жылан, циветта және басқа да қосмекенділер сатылатын болған. 

Қаңтарда Қытай осындай базарларды уақытша жапты. Мұндай жабайы жыртқыш етін қоректену адам денсаулығына және халықтың қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті. 


Соңғы мәліметтер бойынша, әлем бойынша 71 326 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, қаза тапқандар саны 1775-ге жетті. 

Соңғы жаңалықтар