Қытаймен сыртқы саудадағы статистикалық айырмашылық есептеу тәсілінің айырмашылығына байланысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытаймен сыртқы саудадағы статистикалық айырмашылық есептеу тәсілінің айырмашылығына байланысты

Қытаймен сыртқы саудадағы статистикалық айырмашылық есептеу тәсілінің айырмашылығына байланысты

Қытаймен сыртқы саудадағы статистикалық айырмашылық есептеу тәсілінің айырмашылығына байланысты, деп ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің талдама, тәуекел және статистика комитетінің басқарма бастығы Нұргүл Досмұратова мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 913
Фото - Caravan.kz

«Шынымен де Қытаймен сауда статистикасында айырмашылық бар. 2010-шы жыл қорытындысында ол сомма Қытайдың пайдасына $6,3 млрд болды. Оның ішінде Қытайдың экспорты мен біздің импорт айырмашылығы $5,4 млрд болды», — деді Н. Досмұратова дүйсенбі күнгі брифингте.

«Аталған айырмашылықтардың негізгі себебі біздің сыртқы саудадағы статистиканы қалыптастырудағы айырмашылық болып тұр», — деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, өзара саудадағы статистикадағы айырмашылық «тек біздің проблемамыз емес».

Бұл проблема Қытайдың серіктестері АҚШ, Жапония, Кореямен де бар», — деп нақтылады ол.

Аталған проблеманы шешу үшін биылғы жылы наурызда екі ел арасындағы сауда мен экспорттық көлік құралдары туралы ақпараттар алмасу жайлы келіссөзге қол қойылды.

«Маусымның соңына қарай осындай алдын ала алмасудың техникалық шарттарын үйлестіру үшін қытайлық делегация келмекші. Соның аясында салыстырмалы талдама жасалып, айырмашылық себептері анықталмақшы», — деді Н. Досмұратова.

Соңғы жаңалықтар