​Қыз алғысы келген шетелдіктерге 50 мың доллар қалыңмал төлету ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
​Қыз алғысы келген шетелдіктерге 50 мың доллар қалыңмал төлету ұсынылды

​Қыз алғысы келген шетелдіктерге 50 мың доллар қалыңмал төлету ұсынылды

​Қыз алғысы келген шетелдіктерге 50 мың доллар қалыңмал төлету ұсынылды.

  • 4 Шiлде 2018
  • 110
Фото - Caravan.kz

Танымал тәжік ақыны Адиба Азиз заңдарға өзгертулер енгізіп, Тәжікстаннан қыз алған шетелдіктерге 50 мың доллар қалыңмал төлетуді ұсынды, деп жазады ernur.kz centralasian.org.-қа сілтеме жасап. 

Ақын қыздың бұл ұсынысы әлеуметтік желілерде қызу пікір-талас туғызды. Азиз шетелдік күйеу бала төлеген ақшаның жарымын қалыңдықтың есебіне аударуын, ал екінші бөлігін беске бөліп, бұл ақшаларды қыздың ата-анасына, мемлекетке, жетімдерге, мүгедектерге және қарттарға беруді ұсынған. Адиб Азиз ұсынысын қыздардың көбі қолдаған. Олар сол арқылы тәжік қыздарының құны мен беделін өсіруге болады деп есептейді. Бірқатары Түркіменстанда енгізілген өзгерістерді мысалға келтірді.

Көрші елде түркімен әйелі мен балаларының құқығын қорғауға қатысты заңдар қабылданған. Дегенмен тұрғындардың бір бөлігі "қыздарды тауар секілді сатуға" қарсы шықты.

2011 жылы Тәжікстан парламенті Отбасы кодексіне өзгеріс енгізді. Ол бойынша, республика азаматына үйленгісі келген шетел азаматы неке шартын жасап, тәжік азаматын баспанамен қамтамасыз етуі тиіс. Соның нәтижесінде Тәжікстанда шетелге үйлену көрсеткіші он есеге азайды.


Оқи отырыңыз:

Мемлекеттік гранттың онды-солды таратылып жатқанын жария қылған ұстаз іске құзырлы органдар араласуын қалайды

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасамақшы