Қыз зорлап, адам тонады деп айыпталғандар сот залынан бостандыққа жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыз зорлап, адам тонады деп айыпталғандар сот залынан бостандыққа жіберілді

Қыз зорлап, адам тонады деп айыпталғандар сот залынан бостандыққа жіберілді

Алматыда қыз зорлап, адам тонады деп айыпталған азаматтар бүгін сот залынан бостандыққа жіберілді. Жалпы қылмыс 28-ші маусымында болған. Қаланың қақ ортасындағы аулалардың бірінде әңгімелесіп отырған жігіт пен қызға белгісіз біреулер тап беріпті. Сол жерде жігітті өлімші қып сабап, қызды зорлаған. Күдіктілер де ертеңінде-ақ бұлтартпас айғақтармен құрықталған сияқты еді. Жәбірлеушілер де оларды жазбай таныдық деп отыр. Алайда айыптаушы жақтың дәйектері судьяны сол күйі сендіре алған жоқ.

  • 1 Қараша 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

— Міне, осы жерде орын алды. Мына жерде кәдімгі баспа болған…

Тәніне тыртық түсіп жаны жабырқаған жан қарғыс атқан қараңғы сол түнді қайталап айтуда. Қазір құрылыс алаңына айналған жерде бұрын баспалдақ болыпты. Маусымның соңында таныс азаматымен Олеся осында отырған. Оңашада ұйып отырған қыз бен жігітке белгісіз екі адам кеп темекі сұраған көрінеді. Артынша жігітті өлімші қып сабап тастапты. Денелі келгенмен Олег сол жерде есін жоғалтқан. Құнды заттарын қымқырған қаскөйлер қызға да бас салыпты.

— Денелі екі жігітке шамам жетпеді.

Сол жердеқызды сабап, әл-дәрмені кеткенде зорлаған. Есін жиып үйіне жеткенде анасы жуындырып полицейлерге хабарлайды. Дереу арыз да жазылған. Күдіктілер де ертеңінде-ақ құрықталыпты. Жәбірленушілер таныған оларды, сот та басталған. Бірақ әділдік әріде қалды дейді жәбірленушілер.

Олеся Зотова, жәбірленуші:

Судья тек айыпталған тарапты тыңдады. Бізге құлақта аспады. Куәгерлерімізге де қысым жасады. Аузымыздан қағып отырады. Барлығы айыптыларды ақтау үшін жасалып жатыр. Судья Ерғалиева бізді жәбірленуші емес, қылмыскер ретінде қарауда.

Маусымнан бері тергеліп, онға жуық сот отырысы өткен. Тек бүгін ғана ұрлық, қарақшылық және адам зорлау фактілері бойынша айыпталған екі азаматқа қатысты шешім шықты.


Сманов Жарқын Маратович және Жабиров Дастан Ескаровияті  ҚР ҚК 179 бабы 2 бөлігі а тармағымен, 120 бабы 2 бөлімі а тармағымен кінәсіз деп тауып, қылмысты жасауда кінәсіз деп тауып қылмысты жасауға қатыстары дәлелденбегендіктен ақталсын.

Қарақшылық жасады және қыз зорлады деген айыптардан ақталған азаматтар сот залында босатылды. Оларға тек ұрлық жасағаны үшін 2 жыл мерзімге шартты түрде жаза кесілді. 

Айдос Төлепбергенов, Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі:

Шешімге мүлдем қанағаттанбаймын, себебі қылмыстық іс материалдары бойынша сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің жауаптарымен басқа да жоғалған заттармен, ұялы телефондар осы сотталушылардың үйінен алынған. Сондықтан кінәсі дәлелденгендіктен де соттың шығарған шешімімен мүлдем келіспеймін.

— Ол маған «Анашым, менің өмір сүргім клмейді» деді…

Сот отырысы соңындағы жарыс сөзде Мемлекеттік айыптаушы күдіктілердің әрқайсысын 8 жыл бас бостандықтарынан айыруды сұраған. Дегенмен шешім жаңағы. Жәбірленушілер болса алдағы 15 тәуліктің ішінде қалалық одан әрі Жоғарғы сотқа арызданбақ. 

Соңғы жаңалықтар