Оның желідегі парақшасында соңғы уақыттары қыздармен бірге түскен видеолары көбейіп кетті. Мұны байқаған халық Заңғарды ауыр сынның астына алды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Жібектің өміріне балта шауып, қыздай алып қатын қылып тастағандар оңбайды", "Отбасын ұстап қалу үлкен жауапкершілік", "Дүрілдетіп той жасады. Әншілер интернетте 1 ай шулады. Енді тағы біреу" деген сынды пікірлерін жазуда.
Айта өтейік, Заңғар Жібекпен 2022 жылдың наурыз айын шаңырақ көтерген болатын. Көп өтпей ажырасып кеткендіктері туралы Заңғар Нұртас сұхбаттарының бірінде мәлімдеген.