"Қыздар мен қариялардан садақа алмаймын". Бұл - алматылық мүгедек қайыршының ұстанымы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыздар мен қариялардан садақа алмаймын". Бұл - алматылық мүгедек қайыршының ұстанымы

"Қыздар мен қариялардан садақа алмаймын". Бұл - алматылық мүгедек қайыршының ұстанымы

Алматыдағы Орталық мешіт алдында отыратын арбаға таңылған қайыршы қыздар мен қариялардан садақаны мүлдем алмайды екен. "Ұстанымым солай" солай дейді ол.

  • 9 Маусым 2017
  • 1808
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі журналист Жәзира Бегалы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазған. Журналистің кезекті жан тебірентерлік жазбасын Caravan.kz медиа-порталы оқырмандарының назарына қаз-қалпында ұсынғанды жөн көрдік.  

Бүгін операциядан шығып, көлікте көңілім құлазып, ұйқылы-ояу отырмын. Көзімді ашсам, алып денелі ер кісі бір аяғымен ұшып келеді. Бір аяғы жоқ, қос балдаққа сүйеніп, асығып барады. Артынан біреу қуғандай. Құйын сияқты. Машиналардың арасына кіріп, жоқ болып кетті. Жолдасым банктен шыққаннан кейін ол кісіні іздедік. Аз-маз ақша берейік деп ойлаған едік. Таппадық. Бір шаруаларымен шапқылап жүрген еңбекқор жанға ұқсаттым. Осы оқиға əсер етті ме, екі жыл бұрынғы оқиға есіме түсіп кетті.

Қайыршылар жайлы сюжет түсіру үшін Орталық мешітке бардық. Мешіттің маңында алақан жайғандардың көбейіп кеткенін көріп, өз көзіме сенбедім. Бұрын ол жерде əйелдер, арагідік арбаға таңылған мүгедектер ғана мешіттің кіре берісінде отыратын. Тепсе темір үзетін жігітпен сөйлестім. Арбаға байланған. Қайыр тілеп отыр. Үйленген, пəтер жалдаған, бала-шағасын асырау үшін, үй ақысын төлеу үшін тырбаңдап жүргенде жұмыстан айырылады. Кейін жол апатына ұшырап, арбаға байланған. Əйелі, бала-шағасы туралы айтқысы келмеді.

Ағайындары таңертең оны мешіттің қасына əкеп тастайды, кешке əкетеді екен. Өзі ит тірлігіне намыстанып отыр. Ал намыс барлық адамның бойына бітпейді. "Қарындас, тыңдағаның үшін рахмет саған, тек садақаңды алмаймын. Қыздар мен қариялардан алмаймын, менің принципім ғой", -деп, жыртылған, кірленген қолғаптарын киіп, арбасын дөңгелетіп, шоғырланған қайыршыларға қарай зуылдап барады. Өмірмен арпалысқан намысты кісіні одан кейін көрмедім…