Қыздардың жүрегін жаулап алған үздік Түрік актерлері - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздардың жүрегін жаулап алған үздік Түрік актерлері

Қыздардың жүрегін жаулап алған үздік Түрік актерлері

Бірнеше жылдан бері түрік сериалдары барша қазақ көрермендерінің жүрегін жаулап алса, ал түрік актерлері қыздарды баурап алды.

  • 4 Қазан 2018
  • 882
Фото - Caravan.kz

Ендеше Caravan.kz медиа порталы Түріктің үздік актерлерін назарларыңызға ұсынады.

Буркак Өзчивит

“Сұлтан Сүлейман” телехикаясында Малкочоғлы Бали Бей рөлі арқылы танылған Бурак Өзчивит Түркияның Стамбул қаласында 24 желтоқсан 1984 жылы дүниеге келген. 2003 жылдан 2007 жылға дейін модельдік бизнесте жұмыс істеген. 2003 жылы «Түркияның үздік моделі» жүлдесін жеңіп алса, ал 2005 жылы «Әлемнің үздік моделі» байқауында екінші орынды иеленді. 2006 жылдан бастап, кино және телевизия саласында жұмыс істейді. «Сұлтан Сүлеймен» және « Королёк — птичка певчая», "Kara sevda" сериалдарындағы рөлдері Өзчивитке бүкіләлемдік танымалдылық алып берді. Актер өткен жылы танымал актриса Фахрие Эвдженге үйленгені белгілі, жұлдызды жұп қазіргі таңда алғашқы сәбилерін күтіп жүр.

Арас Булут Ийнемли

Отандық көрермендерге Ғажайып ғасыр телехикаясындағы Шехзаде Баязитдің, Құнжетпес уақыт телехикаясындағы Мете Акарсудың рөлімен танымал.

Арас 1990 жылы Ыстанбұлда тулған. Лицейді тәмамдағанан кейін, Ыстанбұл техникалық университетіне оқуға түсіп, 5 жылдан соң әуе техника факультеті бойынша диплом алып шықты. 16 жасында Арас алғаш рет өзінің актерлік шеберлігін көрсетеді. Оның алғашқы танымал рөлі әлі күнге шейін эфирге шығарылатын «Қайтып оралу жолы» телехикаясында орын тапты. Алайда расымен де танымал рөлі Құнжетпес уақыт телехикаясында болды. Онда Арас Акарсудың ұлдарының бірі – Метенің рөлін сомдады. Қойылымның бас-режиссеры Зейнеп Гүнай болған. Ол Арасты алғаш рет бір жарнамалық бейне-баяннан байқаған екен, содан соң оны кинобайқауға шақырыпты. Бұл рөл оған танымалдық пен үлкен атақ алып келді. 

Чагатай Улусой

2010 жылы Best model of Turkey байқауында жеңіске жетіп, сол күні "Мен оны Ферихамын деп атағанмын" телехикаяда басты рөлге түсуге келісім шартқа қол қойған болатын. 


Осы фильмнен кейін Чагатай Улусойдың жұлдызы жанып, "Эмирдің жолы",  "Прилив",  "Внутри" сынды телехикаялардан бой көрсеткен болатын.

Актер қазіргі таңда Netflix арнасы түсіріп жатқан алғашқы түрік сериалына түсіп жатыр.

Барыш Ардуч

Қазақ көрермендеріне "Қыз ақысы" телехикаясы арқылы танылған актер. 

Актер 1987 жылы 9 қазанда Ыстамбұл қаласында дүниеге келген. Бай қуатты отбасында дүниеге келген актер, мектепті үздік аяқтаған. Спорт академиясына түскен Барышты бір жылдан кейін оқудан шығарып жібереді. Кейін Барыш консерваторияға түсіп, шығармашылықтың ортасына түседі. 

2011 жылы кино әлеміне бет бұрынған Барыш Ардуч сол жылы бірден үш телехикаяға түскен. 

Барыш Ардуч осы уақытқа дейін "Үздік телевизиялық актер", "Үздік ер адам", "Жыл жұбы", "Үздік романтикалық актер", "Үздік комедиялық актер" сынды номинацияларды жеңіп алған.

Актер "Қыз ақысы" телехикаясындағы жұбы актриса Эльчин Сангумен бір жылдан кездесіп жүр.

Мехмет Гюнсюр

Татардың қаны бар Мехмет Гюнсюр Түркиядағы танымал актерлердің бірі. Атақты актер Италия келінде "журналистика" мамандығын бітірген.

Актер италияндық қызға үйленіп, қазіргі таңда олар үш баланың ата-анасы.

Мехмет қазақ көрермендеріне "Сүлеймен сұлтан" телехикаясындағы  "Шехзада Мұстафа" рөлімен танымал. 

Осы уақытқа дейін актер 30 шақты фильмдер мен телехикаяларға түскен.

Материалды дайындаған: Ғалымжан Сәңкібаев