Қыздарымен бірге 5-ші қабаттан құлаған әйел отаға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздарымен бірге 5-ші қабаттан құлаған әйел отаға дайындалуда

Қыздарымен бірге 5-ші қабаттан құлаған әйел отаға дайындалуда

Алматыда қос қызын терезеден лақтырып, артынша өзі де өлмекке оқталған жас ана есін жиды. Үш күн жансақтау бөлімінде жатқан 33 жастағы Жадыраға енді операция жасалуы тиіс. Келіншектің бас сүйегіне қатты зақым келген. Хирургиялық ота сондай-ақ, оның аман қалған 2 жастағы қызына да жасалуы мүмкін. Сәбидің ішкі ағзасы езіліп кетіпті. Ал қаза тапқан екінші қыз - 8 жастағы Айшаны бүгін туыстары жерледі.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қос қызын терезеден лақтырып, артынан өзіде өлмекке оқталған ана бүгін есін жиды. Енді оған операция жасалуы тиіс. Десе де дәрігерлер оның өмірене енді төнер қауіп жоқ дейді. 33 жастағы келіншекпен бүгін бірінші болып, психологтар тілдесіпті.

Жанат Қасымжанова, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Бүгін кішкене есін жиып отыр. Анасы. Көбіне ашық бас ми жарақаты. Сүйектерінде сынықтары көп. Травматикалық үшінші деңгейдегі шоктары бар.

Ал аман қалған баланың бірі – 2 жастағы Әдияның жағдайы әлі де ауырлау. Сәбидің ішкі азғасына қатты зақым келген. Ол да бүгін есін жиып, тыныс алу аппаратынан алынған. Оған да ота жасалуы мүмкін. Ал марқұм болған екінші қыз – 8 жастағы Айшаны жақындары бүгін жерлеген.

Жадыраның анасы…

— О дүниелік болып кеткен жиенімді өз үйімнен шығарып салдым.

Болған жайттан Жадыраның анысы — Ұлболсын Ілиясқызы әлі де есеңгіреп отыр. Айтуынша, қызы Астанадағы жоғарғы оқу орындарының бірінде ұстаздық етіпті. Соңғы екі жылдан бері декреттік демалыста отырған. Доцент дәрежесі де бар, 5 уақыт намазға да жығылған. Ал 8 ай бұрын күйеуі Саясат «Бәйкен» мешітіне жұмысқа алынып, Алматыға көшіп келіпті. Жадыраның мұндай сұмдыққа не себепті барғанын олар білмейді. 

Ұлбосын Ілиясқызы, Жадыраның анасы:

— Қызымыз ешуақытта қиындық көрген жоқ. Отбасы болғаннан бері. Өте жақсы жағдайда тұратын. Балаларына қарайтын. Күйеуі де инабатты, екеуінде ұрыс-керіс болмайтын.

Десе де, қазір бұл сұмдық жайт отбасылық жанжалдан туындауы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Алайда «Бәйкен» мешітіндегілер де олай болуы мүмкін емес деген пікірде. Себебі Саясат Көкенай жақындарына өте қамқор азамат екен.

Құлмұхаммед Маханбет, «Бәйкен» мешітінің имамы:

— Саясат Көкенай біздің мешіттің қызметкері. Имам. 7-8 ай бұрын осы мешіткен наиб имам ретінде алынды. Жоғары білімді. Әріптестерінің де, жұрттың да алдында беделді. Әйелі мешітте қызмет атқарған емес.

Еске салсақ, жантүршіктірер оқиға сенбі күні Сәтпаев және Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысындағы мына үйде болған еді. Жас ана 5-ші қабаттағы терезеден екі қызын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. Кішкентай жастағы қызы мен өзі тірі қалса, үлкені сол жерде жан тапсырған. Қазір оқиғаға қытысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар